2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешімі
(2024.18.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.27.03. № 129/15 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.24.05. № 152/17 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.09.08. № 164/19 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.26.09. № 175/20 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024.29.11. № 196/22 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.18.12. № 207/23 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 239 173 468 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 215 953 587 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 562 910 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 862 948 мың теңге;
трансферттер түсімі - 11 794 023 мың теңге;
2) шығындар - 245 831 199 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 3 786 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - нөлге тең;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 786 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 488 844 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 488 844 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 7 142 789 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 142 789 мың теңге.